23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҰлыстың ұлы күні мен Халықаралық театр күнінде Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры тұңғыш рет «Алтын сақа» атты балалар спектакльдері фестивалін ұйымдастырғалы отыр.
Театрдың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында өтетін шарада Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Сәбит Әбдіхалықов, театрдың көркемдік жетекшісі Мұрат Ахманов, ҚР халық әртісі Роза Әшірбековалар баяндама жасайды.
Фестивальге қатысатын әртістер төмендегі аталымдар бойынша марапатталады:
Б.Қалтаев атындағы «Ең үздік ер адам бейнесі үшін» аталымы;
А.Мәмбетова атындағы «Ең үздік әйел бейнесі үшін» аталымы;
Қ.Жәкібаев атындағы «Қосалқы рөлдегі ең үздік ер адам бейнесі үшін» аталымы;
Ә.Өмірзақова атындағы «Қосалқы рөлдегі ең үздік әйел бейнесі үшін» аталымы;
«Ең үздік эпизодтық рөл»;
«Эпизодтық рөлдегі актерлік шеберлігі үшін»;
«Көрермендер көзайымы»;
«Ең үздік дебют».
Жүлделерді қазылар алқасы мен арнайы шақыртылған қонақтар табыстайды.
Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының репертуарындағы қойылымдардың суреттерін мына альбомнан қарауға болады.
Әзірлеген – Жансая ТӨЛЕГЕН
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады