Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыYoutube арнасындағы «Алга Петербург» каналы контентінің 80 проценті Қазақстанға арналған. Арна авторлары, блогерлер Иван Червинский мен Александр Карельскийдің біздің елімізге ынтасының аууына Димаштың өнері әсер еткен, деп хабарлайды El.kz
Қазақ феноменінің шығармашылығы мен өмірін зерттей келе блогерлер әнші туралы білгенімен бөлісуді ұйғарған. Осылайша, 8 ғана жазылушысы бар арна араға уақыт салып 180 мың жазылушысы бар танымал ютуб-каналға айналды.
Блогерлер Димаштан бөлек, еліміздің өзге де мәдени қайраткерлері, белсенді азаматтары, табиғаты, елдің салт-дәстүрі мен асханасы туралы да бейнематериалдар жариялап тұрады. «Себебі қазақтар трендте», – дейді арна иелері.
Айта кетерлік, петербугтік блогерлердің әлеуметтік желідегі жазылушылары тек қазақстандықтар ғана емес, сондай-ақ алыс-жақын шетелдіктер де жарияланған контентті қызығушылықпен тамашалайды.
Осылайша, блогер жігіттер Қазақстанды насихаттауға, шетелдіктер алдындағы имиджін қалыптастыруға ат салысып жүр десе де болады.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді