Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыКөлік прокуратурасы әлеуметтік желілерде 50-ден астам есірткі арнасына тосқауыл қоюды қамтамасыз етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас көлік прокуратурасы құқық қорғау органдарының есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Әлеуметтік желілерді бақылау барысында елімізде синтетикалық есірткіні насихаттау, жарнамалау және сату мақсатында құрылған телеграм арналары анықталды.
Нәтижесінде «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы 50-ден астам телеграмм арналары бұғатталды, - делінген хабарламада.
Прокуратура органдары байланыс операторларымен бірлесіп бақылау шараларын жетілдіруді және платформалармен заңсыз контентті жылдам бұғаттауды жалғастыруда.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар