18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Бас прокуроры Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандар жазаланатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда «Онлайн-платформалар жəне онлайн-жарнама туралы» заң жобасы əзірленген. Заң жобасы бүгінгі күні мемлекеттік органдармен келісілген жəне Парламент Мəжілісінің қарауында екен.
Аталған заң жобасында инфлюенсер (блогер) – айқындалмаған тұлғалар тобына арналған жəне өз мақсаттары мен өзге де қоғамдық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, оның ішінде қоғамда жекелеген пікірлерді қалыптастыруға ықпалы бар ақпаратты онлайн-платформаларда тарататын адам ұғымы енгізілуде, -делінген бас прокурордың жауабында.
Оның айтуынша, жалған ақпараттың таралу фактілері кең тарала бастағанын ескере отырып, егер бұл əрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-əрекет белгілері болмаса, айыппұл түріндегі санкцияны айқындай отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін əкімшілік жауаптылықты белгілеу жоспарлануда.
Осылайша, осы заң жобасы қабылданған жағдайда интернет кеңістігінде көрінеу жалған ақпараттың таралуына тиімді қарсы іс-қимыл жасау үшін қажетті жағдайлар жасалады деп санаймыз. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда жəне бақылауда, - деді Берік Асылов.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр