20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӘлеуметтік желілерде бір реттік әлеуметтік төлем туралы жалған хабарлама тағы таралуда. Алаяқтар ақпарат шынайы болып көрінуі үшін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейнесін пайдаланған. Хабарландыруда әрбір қазақстандыққа 150 мың теңгеден беріледі делінген. Жаңа мемлекеттік бағдарлама іске қосылған екен. Бұл жалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Алаяқтардың айтуынша, төлем туралы бірқатар министрліктер хабарлаған. Біз бұл ақпаратты тексердік. Бірде-бір ведомство мұндай жаңалықты жарияламаған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында да, ҚР Қаржы министрлігінің сайтында да ештеңе жоқ.
Алаяқтар атап өткен ҚР қайырымдылық қоры деген қор жоқ.
Алаяқтардың сөзінше, бұл мемлекеттік бағдарлама Halyk Bank-пен бірлесіп іске асырылуда. Бірақ қаржы мекемесінің ресми порталында төлемдер туралы айтылмаған.
Мемлекет басшысының ресми сайтында мұндай ақпарат жоқ.
Қылмыскерлер берген сілтемеде азаматтар төлемнің бар-жоғын тексеру үшін ЖСН теруге тиіс. Бұл айла. Күмәнді сайтта деректерді қалдыра отырып, сіз өзіңіз туралы маңызды ақпаратты белгісіз адамдарға бересіз. Олар оны өз мақсатында пайдалана алады.
Баршаңызды тек ресми хабарламаларға ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтардың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтыратын ақпаратты t.me/stopfakechatkz Telegram арнасына жіберіңіз, - делінген stopfake.kz ақпаратында.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?