23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӘлеуметтік желіде саяси пікірталастарға кімдер жиі араласады? АҚШ пен Азияның жеті елін қамтыған халықаралық зерттеу бұл сұраққа тың жауап ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Зерттеу нәтижесі көпшілікті таңғалдырды: желідегі саяси белсенділікке көбіне интеллекті жоғары адамдар емес, керісінше эмоцияға берілгіш, мазасыз және өзін көрсетуге бейім тұлғалар көбірек тартылатыны анықталған.
Бұл зерттеудің нәтижелері Humanities and Social Sciences Communications журналында жарияланды.
Ғалымдардың айтуынша, желіде саяси жаңалықтармен бөлісіп, әр постқа пікір қалдырып, қызу айтысқа кірісетіндер - көбінесе:
психопатия белгілері бар (мысалы, салқынқанды, ашуға тез бой алдырғыш, өзгенің пікіріне мән бермейтіндер);
FoMO-ға шалдыққандар (яғни, бірдеңеден қалып қоямын деп мазасызданатындар).
Олар үнемі әлеуметтік желіде отырады, жаңалықты қалт жібермейді, тіпті бәрін өз бақылауында ұстағысы келеді.
Зерттеу көрсеткен тағы бір қызықты тұжырым — ойлау қабілеті жоғары, сыни ойлай білетін адамдар мұндай пікірталасқа сирек араласады. Олар эмоцияға ерік бермейді, ақпаратты сүзгіден өткізіп барып қана өз ойын білдіреді. Ал анализ жасау қабілеті төмен адамдар керісінше, тез ашуланып, бірден пікір жазуға құмар келеді.
Зерттеуде кей елдерде нарциссизм, яғни өзін бәрінен биік санау да желідегі саяси белсенділікке әсер ететіні айтылған. Бірақ бұл барлық елдерге бірдей емес. Мұны ғалымдар әр елдегі мәдени ерекшеліктермен байланыстырады.
Айта кету керек, осы зерттеуге қатысқан ғалымдар бұған дейін де қызықты тұжырым жасаған: егер смартфонда интернетті екі апта пайдаланбасаңыз, ми қызметі шамамен 10 жылға жасарады екен.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады