6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБелгілі журналист Пабло Жиральт X әлеуметтік желідегі парақшасында «Алтын доп-2025» марапатының дауыс беру қорытындысын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Инсайдердің дерегінше, жүлдені «Барселона» мен Испания құрамасының вингері Ламин Ямаль иеленеді. Екінші орынға ПСЖ шабуылшысы Усман Дембеле тұрақтады.
Айта кетейік, әлемнің үздік футболшыларына арналған дәстүрлі марапаттау рәсімі – 69-шы «Алтын доп» салтанаты Астана уақытымен 23 қыркүйекке қараған түні басталады. Іс-шара Париждегі «Шатле» театрында ұйымдастырылады.
Бұл жолы тарихта төртінші рет жүлде күнтізбелік жылға емес, маусым қорытындысына қарай (2024 жылғы 1 тамыздан 2025 жылғы 13 шілдеге дейінгі кезең) табысталмақ. Дауыс беруге ФИФА рейтингіндегі үздік 100 елдің спорт журналистері қатысқан.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі