6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚР Премьер министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Петропавлдағы мектептепте орын алған жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ол қазіргі таңда балалардың мұндай қылмысқа баруына бірден бір себеп әлеуметтік желілердегі түрлі сайттар мен ойындар екенін атады.
«Балалардың қылмысқа баруына себеп көп. Солардың ішіндегі бірден бір себеп әлеуметтік желідегі негативті контент. Өткен жылы мемлекеттік органдармен бірлесе отырып 900-ден астам сайтты жаптық. Онымен тек біз ғана емес, мектептегі мұғалімдер мен ата-аналарда күресуі керек», - деді Алтай Көлгінов.
Петропавлдағы жағдайға байланысты барлық әкімдіктер, жергілікті білім беру басқармалары, полиция қызметі бірігіп ревизия жасап, мектептердегі балалардың қауіпсіздігін күшейту қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, Петропавлдағы қылмыстық жағдай орын алған №4 орта мектепте лицензияланған күзет қызметі болмағанын айтты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі