23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӘлеуметтік желі арқылы көлік алмақ болған елордалық сан соғып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Есіл аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық фактісі бойынша күдіктіні анықтады. 36 жастағы қала тұрғыны жинаған қаржысына арзан бағамен көлік алуды ойлап, Instagram әлеуметтік желісіндегі көлік сату парақшаларын қарайды. Оның назары құны 3,5 млн теңге тұратын Toyota Camry көлігіне түседі.
Жәбірленуші сатушыға хабарласып, онлайн төлем жасап, ақшаны толық аударады. Алайда күдікті жалған түбіртек жіберіп, көлікті бір айдан кейін алатынын айтып, артынша ұялы телефонын өшіріп тастаған. Тек алты ай өткеннен кейін ғана жәбірленуші өзінің алданғанын түсініп, полицияға жүгінуге мәжбүр болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Астана қаласының полиция департаменті тұрғындарға алаяқтардың алдау тәсілдерінің сан түрлі екенін ескертеді. Әсіресе онлайн сауда-саттық пен қызметтерді сатып алу барысында сақ болуды, күмәнді ұсыныстарға сенбеуді және төлемдер жасамас бұрын ақпаратты мұқият тексеруді ұсынады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады