6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСенаттың жалпы отырысында 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев әлеуметтік саланың шығыстары 298 млрд теңгеге өсіп, 8,5 трлн теңге сомасында жоспарланғанын айтты. Бұл бюджеттің жалпы шығыстарының 37,5% құрайды.
«Бұл қаражат «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға, мектепке дейінгі білім беру мекемелері педагогтерінің жалақысын көтеруге және колледж студенттердің стипендияларын ұлғайтуға, әлеуметтік төлемдердің, жәрдемақылардың мөлшерлерін арттыруға, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытуға бағытталады», деді Ерұлан Жамаубаев.
Сонымен қатар Қаржы министрі күш құрылымы шығыстары 317 млрд теңгеге өсіп, 2,5 трлн теңге сомасында жоспарланғанын айтты.
Биыл өңірлерге республикалық бюджеттен 7,2 трлн теңге немесе бюджеттің жалпы шығыстарының 32% бағытталады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі