22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБұдан былай ел тұрғынарына зейнетке шығу, ЖОО-ға түсу және бітіру, баланы мектепке қабылдау, Е-лицензиялау порталының өтінімдерін мақұлдау туралы хабарламалар жіберіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
EGov mobile мобильді қосымшасы қазақстандықтарға әртүрлі өмірлік жағдайларға байланысты жеке push хабарлама жіберіп отырады.
Жаңартулар қазақстандықтарға алдағы маңызды күндер туралы еске салуға мүмкіндік береді. Оның ішінде зейнетке шығу, ЖОО-ға түсу және бітіру, баланы мектепке қабылдау, Е-лицензиялау порталының өтінімдерін мақұлдау және компания басшысының ауысуы туралы хабарламалар бар.
Біз әртүрлі өмірлік жағдайларға арналған тағы жеті push хабарламаны іске қостық. Бұл мемлекеттік мекемелерге бармай-ақ адамдарды маңызды күндер туралы алдын ала хабардар етуге және "көрінбейтін" қызметтер көрсетуге көмектеседі. Осылайша, біз қазақстандықтарды алдағы күндер туралы алдын ала біліп, ескертеміз. Уақыт өте келе мұндай қызметтердің саны артады, бұлай біз көптеген мемлекеттік қызметті алу процесін жеңілдете аламыз, - деп атап өтті компанияның басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Жіберілген push хабарландыруларын мобильді қолданбаның "Хабарландырулар" бөлімінде көруге болады. Мобильді қосымша орнатылмаған жағдайда eGov.kz порталының жеке кабинетінде ұялы нөмір көрсетілген болса, пайдаланушыға қосымшаны жүктеуге сілтеме жасай отырып, 1414-тен жаңа хабарламаның келіп түскені туралы ақпарат жазылған SMS жіберіледі.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев