23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматы қаласында 2024 жылы 13-20 қазанда алғаш рет өтетін ATP 250 турниріне қатысатын ТОП ойыншылардың тізімі анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тізім көшін 2023 жылғы Astana Open ATP 250 турнирінің финалисі, америкалық Себастьян Корда (15 ATP), америкалық Фрэнсис Тиафо (16 ATP), Чили өкілі Алехандро Табило (22 АТР), ресейлік Карен Хачанов (23 ATP), франциялық Артур Фис (25 ATP) және қазақстандық Александр Бублик бастады.
Қазақстанның оңтүстік астанасында сондай-ақ италиялық Флавио Каболли (32 ATP), чехиялық Томас Махач (35 ATP), өткен жылғы Astana Open ATP 250 турнирінің чемпионы, франциялық Адриан Маннарино (46 ATP), мажарстандық Фабиан Марожан (49 ATP), әлемнің бұрынғы 9-ракеткасы, италиялық Фабио Фоньини және басқалар ойнайды.
Қазақстан намысын ұлттық құрама көшбасшысы Александр Бубликтен басқа беделді жарыста Александр Шевченко, Михаил Кукушкин, Тимофей Скатов, Бейбіт Жұқаев және Денис Евсеев, жұптық сында Александр Недовесов қорғайды.
Біз биыл жиналған құрамға өте ризамыз, өйткені олар - осы маусымда өздерін жақсы көрсеткен мықты теннисшілер. Биыл ТОП ойыншыларды шақыру өте қиынға түсті. Себебі Синнер, Алькарас, Джокович, Медведев және Надаль сияқты алғашқы алтылыққа кіретін ойыншылар Сауд Арабиясында болатын көрме турнирде өнер көрсетеді. Олар онда өте көп табыс табады, теннисшілер кепілдіктерін қосқанда, Сауд турнирінің жалпы жүлде қоры 15 миллион АҚШ долларын құрайды. Әрине, біз ойыншылар тарту үшін мұндай көлемдегі қаржыны жұмсамаймыз. Өйткені біздегі басты басымдық қазақстандық жасөспірімдерді дамытуға қатысты, - деді Қазақстан теннис федерациясының ресми өкілі Юрий Польский.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік