29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыСингапурдың халықаралық Чанги әуежайы Forbes Travel Guide нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік әуежай атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Басылым сарапшыларының пікірінше, Чанги әуежайын ерекше ететін басты артықшылықтары – әлемдегі ең биік жабық сарқырама, тәулік бойы жұмыс істейтін кинотеатр және ұшақтарды көруге мүмкіндік беретін шатырдағы бассейн.
Бұған қоса, бірнеше мәрте халықаралық марапатқа ие болған әуежай жолаушыларға көбелектер бағы, бамбук бағы, сондай-ақ джакузи сынды ерекше демалыс аймақтарын ұсынады.
Ал АҚШ-тағы ең үздік әуежай атағын Нью-Йорктегі Ла-Гуардия иеленді. Сарапшылар оның заманауи сәулеті мен кең күту залдарын ерекше атап өтті.
Сол рейтингте әлемнің ең үздік әуе компаниясы болып Emirates танылса, АҚШ-та көшбасшы Delta Air Lines компаниясы болды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек