12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікДүниежүзілік метеорологиялық ұйымының (ДМҰ) жаңа есебінде ғаламдық су айналымы барған сайын тұрақсыз сипат алып, су тасқыны мен қуаңшылық арасында ауытқып отырғаны айтылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл жағдай экономикалық даму мен қоғам өміріне тікелей әсер етуде. Есепке сәйкес, 2024 жылы әлемдегі өзен алаптарының тек үштен бірінде ғана жағдай қалыпты болды. Қалған аймақтарда су деңгейі нормадан жоғары не төмен болып, алтыншы жыл қатарынан айқын дисбаланс тіркелген.
Сондай-ақ соңғы үш жыл бойы мұздықтардың жаппай еруі жалғасып, кейбір аймақтарда «су шыңы» кезеңінен өтіп, жылдық ағын азая бастаған. 2024 жылы Амазонка алабы, Оңтүстік Америка мен Африканың оңтүстігі қуаңшылыққа тап болса, ал Азияның бірқатар бөлігі мен Орталық Еуропада әдеттегіден ылғалдырақ жағдай байқалды.
Су – қоғамның тірегі, экономиканың қозғаушы күші. Бірақ әлемдік су ресурстары бұрын-соңды болмаған қысымға ұшырап отыр. Сенімді ғылыми деректерсіз біз әрекет ете алмаймыз, – деді ДМҰ бас хатшысы Селесте Сауло.
БҰҰ дерегінше, бүгінде 3,6 миллиард адам жылына кемінде бір ай ауызсудың тапшылығын сезінеді. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 5 миллиардтан асады деп күтілуде. Осыған байланысты мониторингті күшейту мен деректер алмасуды жолға қою аса өзекті болып отыр.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер