Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШабуылшылар Лионель Месси, Криштиану Роналду мен Эрлинг Холанд Халықаралық кәсіби футболшылар қауымдастығы федерациясы (FIFPro) мен Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) нұсқалары бойынша 2023 жылдың символикалық құрамасына енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ұйымның Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазылды.
Тізімнің толық нұсқасы мынадай:
Қақпашылар: Тибо Куртуа («Реал»), Эдерсон («Манчестер Сити»), Эмилиано Мартинес («Астон Вилла»);
Қорғаушылар: Рубен Диаш, Джон Стоунз, Кайл Уокер (барлығы — «Манчестер Сити»), Вирджил ван Дейк («Ливерпуль»), Эдер Милитао, Антонио Рюдигер (екеуі де — «Реал»);
Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Лука Модрич, Федерико Вальверде (барлығы — «Реал), Кевин Де Брёйне, Родри, Бернарду Силва (барлығы — «Манчестер Сити»), Илкай Гюндоган («Барселона»);
Шабуылшылар: Карим Бензема («Әл-Иттихад»), Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»), Гарри Кейн («Бавария»), Килиан Мбаппе («ПСЖ»), Лионель Месси («Интер Майами»), Криштиану Роналду («Әл-Наср»), Винисиус Жуниор («Реал»).
Символикалық құрамның нақты тізімі 15 қаңтарда Лондондағы марапаттау рәсімінде белгілі болады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?