18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?«Miss Universe» халықаралық сұлулық байқауының жеңімпазы Мексикадан келген Фатима Бош атанды. Бұл туралы The Philippine Star басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Әлемдегі ең сұлу аруға арналған тәжді «Miss Universe-2024» титулының иегері даниялық Виктория Тейлвиг табыстады. Бірінші вице-мисс атағы Таиланд өкіліне бұйырды. Ал үшінші, төртінші және бесінші орындарды Венесуэла, Филиппин және Кот-д’Ивуар елдерінен келген қатысушылар иеленді.
Марапаттау рәсімі 30 финалист қыздың есімін жариялаудан басталды. Іріктеу кезеңінен Үндістан, Гваделупа, Қытай, Таиланд, Доминикан Республикасы, Бразилия, Руанда, Кот-д’Ивуар, Колумбия, Нидерланд, Куба, Бангладеш, Жапония, Пуэрто-Рико, АҚШ, Мексика, Филиппин, Зимбабве, Коста-Рика, Мальта, Чили, Канада, Хорватия, Парагвай, Венесуэла, Гватемала, Палестина, Никарагуа және Францияның арулары өтті.
Одан кейінгі кезеңге Чили, Колумбия, Куба, Гваделупа, Мексика, Пуэрто-Рико, Венесуэла, Қытай, Филиппин, Таиланд, Мальта және Кот-д’Ивуар қыздары жолдама алды. Бұдан кейін қазылар алқасы соңғы бес финалисті таңдады: Таиландтан Правинар Сингх, филиппиндік Ахтиса Манало, венесуэлалық Стефани Абесали, Мексикадан Фатима Бош және Кот-д’Ивуардан Оливия Ясе.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр