23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақмола облысында Nomads camp 2024 халықаралық скауттар слетінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әзербайжан, Жапония, Ресей, Германия, Нидерланды, Филиппин, Пәкістан, Оңтүстік Корея, АҚШ және Швеция сияқты 10 елдің отрядтары табиғатта бос уақытын өткізуге келді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Кездесудің негізгі идеясы - жастардың мәдениетаралық диалогын құру үшін Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен және басқа мемлекеттерден келген скауттарды бір шаңырақ астына біріктіру.
Бір апта бойы скауттар көшпенділер салтымен өмір сүреді. Ең алдымен командалар киіз үйлерді өздері орнатуы керек. Жеті күн ішінде олар қазақ ұлттық тағамдарының, бүркіт өнері мен халық қолөнерінің негіздерін меңгереді. Сонымен қатар этно-лагерь тұрғындары үшін кедергілер жолағы, арқан саябағы, өрмелеу алаңы, садақ ату сабақтары және ұлттық ойындар дайындалды.
Бағдарламада қатысушы елдердің интерактивті алаңдары қарастырылған, онда әр команда өз Отанының мәдениетін таныстырады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік