Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАмерикалық әнші, актриса Селена Гомес тағы бір альбом шығарып, кейін музыкадағы мансабын аяқтауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
New York Post газетінің хабарлауынша, Гомес әрқашан әнші емес, актриса болуды армандаған. Ол ән айтуға хобби ретінде қараған.
Менің шығаруым тиіс тағы бір альбомым қалған сияқты, бірақ мен актерлік мансапты таңдайтын шығармын. Мен шаршадым, демалғым келеді, - деп ағынан жарылды өнер иесі.
Әнші өнер жолын бастағанда әншілік пен актерлік өнерді үйлестіргенді ұнататынын айтып, «гастрольдік сапарлардың өте қызық болғанын» атап өтті. Алайда, Гомес есейіп, танымал бола бастағанда, ол өзінің жаны қалайтын дүниеге ден қою керегін түсінгенін жасырмады.
Айта кетейік, Селена Гомес өз мансабын 2002 жылы актриса ретінде бастаған, бірнеше Дисней мультфильмдерін дыбыстауға атсалысып, сериалдарға түскен. 2009 жылы Selena Gomez өзінің the Scene тобымен бірге Kiss and Tell дебюттік альбомын шығарды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады