Кеше, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?Белгілі тарихшы Нұрқожа Ерсайын әлеуметтік желіде әлемге әйгілі актер Джеки Чанның шыққан тегі туралы тың дерек жариялап, көпшіліктің назарын аударды. Оның айтуынша, актердің 1986 жылғы сұхбатында өз әкесін Шыңғысханның ұрпағы әрі моңғол деп атаған видеосының түпнұсқасы табылған. Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде қызу пікірталас туғызды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тарихшы қандай дерек келтірді?
Тарихшы Нұрқожа Ерсайын бұл ақпаратты бұрыннан естігенімен, осы уақытқа дейін сенімді дереккөз кездестірмегенін айтады.
Әлемдегі ең танымал Қытай азаматы Джеки Чан шын мәнінде қытай емес, моңғол және Шыңғысханның ұрпағы болып шықы. Мұны бұған дейін мүмкін естіген шығарсыздар. Бірақ мен бұған дейін осы ақпараттың сенімді дереккөзін кездестірмеген едім. Сол үшін бүгін уақыт арнап, қиынға соқса да Джеки Чанның осы ақпаратты айтып отырған видеосының түпнұсқасын тауып алдым, – дейді тарихшы Нұрқожа Ерсайын.
Оның сөзінше, бұл – 1986 жылы Джеки Чан қатысқан ток-шоудағы сұхбат.
«Менің әкем Шыңғысханның ұрпағы болған», – дейді Джеки Чан.
Тарихшының айтуынша, жүргізушілер бұған таңғалып:
«Шын ба? Сонда сенде моңғолдың қаны бар ма?» – деп сұрайды.
Ал актер:
«Білмеймін, әкем моңғол болған», – деп жауап береді.
Осыдан кейін жүргізушілер:
«Әкең моңғол болса, сен де моңғол емессің бе?» – деп әңгімені жалғастырған.
Айта кету керек, бұл сұхбат әлеуметтік желілерде қайта таралып жатыр. Алайда Джеки Чанның Шыңғысхан әулетінен тарайтынын тәуелсіз генеалогиялық немесе тарихи құжаттармен толық дәлелдейтін ресми ғылыми зерттеулер әзірге жарияланған жоқ. Сондықтан бұл мәселе ғылыми ортада нақты дәлелденген факт ретінде емес, актердің өз сөзіне негізделген мәлімдеме ретінде қарастырылады.
Желі қолданушыларының пікірі
Тарихшы жариялаған видеодан кейін пікірлер екіге жарылды.
Бір қолданушы:
Бәсе қатты төбелеседі. Енді Брюс Лиді тексеру керек, – деп әзілдеп жазды Ұланбек Бақыт.
Ал тағы бірі:
Шыңғыс қаған ұрпағы болса онда түркі ғой, моңғол емес, – деген пікір білдірді Шынар Болатқызы.
Мұндай пікірлерге жауап ретінде Нұрқожа Ерсайын Джеки Чанның бұл сөздерді видеода өз аузымен айтқанын алға тартқан.
Тағы бір оқырман:
Бұған қисын бар. Себебі «Гормобой» фильмінде автожарыста мінген көлігінің нөмірі 32. Ал ол сан түркілер үшін маңызды. Нұрқожа 32 саны жайлы ақпарат айтады деп ойлаймын, – деп жазған Ая.
Джеки Чанның әкесі мен анасы кім болған?
Джеки Чан 1954 жылы Гонконгта дүниеге келген. Оның әкесі – Чарльз Чан (шын есімі Фаң Даолун), ал анасы – Ли-ли Чан (кейбір деректерде Лили Чан немесе Чэнь Юэжун есімімен белгілі). Екеуі де Қытайдағы азаматтық соғыстан кейін Гонконгқа қоныс аударған. Кейін актер әкесінің шын тегі Фаң (Fang) екенін және өзінің шын әулеттік тегі де осы фамилиямен байланысты екенін білген. Бұл отбасының тарихы кейін арнайы деректі фильмде де баяндалған.
Джеки Чан кейінгі сұхбаттарының бірінде әкесінің ұзақ жылдар бойы өзінен маңызды отбасылық құпияларды жасырғанын, тек қырық жастан асқанда олардың шын тегін және отбасының өткен тарихын айтып бергенін жеткізген. Соның нәтижесінде актер өзінің қытайша ресми есімі ретінде Фаң Шилун (Fang Shilong) атын да қолдана бастаған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Джеки Чанның жаңа фильмі Маңғыстауда түсіріліп жатқанын жазғанбыз.
Кеше, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?