13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҰлыбританиялық жұлдыз Craig David Astana Arena сахнасында өткен ауқымды Älem Fest фестивалі аясында мыңдаған көрерменнің алдында өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сахнаға шыққан өнер иесі астаналықтарға қонақжайлығы үшін алғыс айтып, соңғы келгенінен бері Астананың қалай өзгергенін атап өтті.
Әр ән сайын сіздермен бірге билегім келеді. Мұнда соңғы рет бес жыл бұрын келген екенмін, содан бері қала көркейе түскен. Ол кезде де мені өте жылы қарсы алған едіңіздер, ал қазір одан да ыстық ықыласпен күтіп алдыңыздар. Сіздердің мәдениеттеріңіз қызығарлықтай, бір-біріңізге деген сүйіспеншіліктеріңіз бен қолдауларыңыз ғажап. Мұны шын жүрегіммен сезіп тұрмын. Мен сіздерді жақсы көремін, ризамын, сіздерді бағалаймын, – деді әнші.
Айта кетсек, Älem Fest – Қазақстанда оқиғалы туризмді дамытуға үлес қосатын ауқымды мәдени жоба.
Қала әкімдігінің мәліметінше, фестиваль аясында әлемдік және қазақстандық сахнаның жұлдыздары өнер көрсетті. Олар: Sadraddin, Ёлка, Alem, IOWA, Банд’Эрос, Доминик Джокер және DJ Groove.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды