6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКейде әлемді жаңаша тану үшін оған қарау бұрышын ғана өзгерту жеткілікті.
Биіктен көз салғанда, біз күнделікті байқамайтын сұлулықты көреміз: ирелеңдеген жағалау сызықтары, көз тартар табиғи көріністер, қайнаған қала тіршілігі мен табиғаттың таңғажайып өрнектері. Әуеден түсірілген фотосуреттер ғаламшарымыздың бізге беймәлім қырларын ашып, таныс мекендерді мүлде басқа кейіпте көрсетеді.
Осындай ерекше көзқарасты дәріптейтін Siena Drone Photo Awards 2026 халықаралық байқауы әлемнің түкпір-түкпірінен талантты фотографтарды біріктіреді. Siena Awards байқаулар топтамасына енетін бұл додада дрон, тікұшақ, ұшақ, әуе шары және өзге де ұшу аппараттарының көмегімен түсірілген үздік фотосуреттер марапатталады.
Байқауға ұсынылған жұмыстардың басты ерекшелігі – сан алуан ракурс пен тосын шешімдер.
Күнделікті көріп жүрген орындар абстрактілі өнер туындысына айналып, табиғи ландшафттар көздің жауын алатын өрнектер түзеді. Ал үйреншікті көріністер мүлде күтпеген қырынан ашылады.
Дегенмен мұндай әсерлі кадрды түсіру үшін дронды әуеге көтеру жеткіліксіз. Фотограф үшін сәтті таңдау, кадр композициясын дәл үйлестіру, шыдамдылық пен шығармашылық көзқарас аса маңызды.
Назарларыңызға Siena Drone Photo Awards 2026 байқауының жеңімпаздары мен үздік деп танылған фотосуреттерін ұсынамыз.
Тұзды Тұз көлінің жағалауындағы табиғи «балабақшаға» жиналған мыңдаған қоқиқаз балапанының арасынан жалғыз ересек құс көзге түседі. Қоқиқаздардың балапандары өмірінің ең осал кезеңінде осындай топ болып өседі. Бірнеше ересек құс оларды бірге бақылап, қауіптен қорғайды әрі тіршілікке бейімделуіне көмектеседі.
Мұхиттан жағаға секіріп шыққан пингвиндер судың жиегінде қауырсындарын ретке келтіреді. Сонан соң жартастар арасындағы ұяларына қарай жағажайды бойлай жүгіре жөнеледі. Ал бір пингвин сәл кідіріп, кейін өзгелеріне асыға қосылады.
Мэри өзенінің жайылмалы батпақты алқабында қолтырауын жүзіп барады. Биіктен түсірілген кадрда оның алып денесі лайлы жағалауда ирелеңдеген, жыланның ізіне ұқсас өрнек қалдырған.
Тағы бір суретте ақ аю мұз сынықтарының арасында жүзіп жүріп, жемтігін іздеп келеді.
Байқаудың өзге қатысушылары мен жеңімпаздарының жұмыстарын Siena Drone Photo Awards ресми сайтындағы галереядан тамашалауға болады.
Сондай-ақ байқау туралы толық ақпарат ұйымдастырушылардың ресми парақшасында жарияланған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі