22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыИталияда әлемге танымал модельерлердің бірі, кәсіпкер, Armani компаниясының негізін қалаушы Джорджо Армани қайтыс болды, деп хабарлайды BBC-ге сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Армани негізін қалаған холдинг әйгілі маодельердің өмірден озғанын растады.
Бүгін біз осы отбасын құрып, оны көрегендікпен, құштарлықпен және жан-тәнімен өсірген жанның орнындағы бос кеңістікті сезінудеміз. Дегенмен, дәл оның рухында біз, Арманимен әрқашан бірге еңбек еткен қызметкерлер мен отбасы мүшелері, оның жасағанын қорғап, компаниясын оның құрметіне дамытуды – құрметпен, жауапкершілікпен және сүйіспеншілікпен жалғастыруға міндеттіміз, – делінген Armani Group мәлімдемесінде.
Джорджо Армани өмірінің соңына дейін компанияның бас директоры әрі креативті директоры қызметін атқарды.
«Менің ең үлкен әлсіздігім – бәрін бақылауда ұстаймын», – деген еді ол өткен аптада италиялық баспасөзге берген сұхбатында. Бұл сұхбат оның соңғысы болып қалды.
Джорджо Арманидің жасы 91-де болған, ол ауруханадан шыққан соң үйінде ем алып жатқан. Бұл жағдай соңына дейін құпия сақталғанын La Repubblica басылымы жазды.
Дизайнердің денсаулығына қатысты күмәндар биыл маусым айында, ол Милан сән аптасына қатыспағанда пайда болды. 2025 жылдың шілдесінде ол Парижде өткен кутюр көрсетілімін басқарғанымен, оны Миландағы үйінен қашықтан жүргізді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев