18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында футбол аңыздары Кристиан Дзаккардо, Дуглас Майкон ботаникалық бақтың аумағына көшет отырғызды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Бәріне сәлем! Біз Қазақстанға келгенімізге қуаныштымыз. Бүгін біз қаланы көгалдандыруға өз үлесімізді қостық. Экологиялық көгалдандыру жобасы жалғасады деп шын жүректен үміттенемін. Алдағы уақытта қайта оралғанда мұнда ағаштың көп болғанын көргіміз келеді, - деді Кристиан Заккардо.
Әлемдік деңгейдегі футбол жұлдызының сөзін әріптесі Дуглас Майкон да қоштап, тазалық акциясы туралы өз ойымен бөлісті.
Сәлем балалар! Мен Қазақстанға келгеніме қуанып отырмын, мұнда алғаш рет келіп тұрмын. Мұндай іс-шараға қатысу маған ләззат сыйлайды. Барлығына рақмет! Біз әлі де оралып, қаланы одан да жасыл кейіпте көреміз деп үміттенеміз, - деп атап өтті Дуглас Майкон.
Естеріңізге сала кетейік, 25 сәуірде «Астана Арена» стадионында «Манчестер Сити» мен «Милан» футбол командаларының аңызына айналған жұлдыздардың қатысуымен «Аңыздар матчы» өтті. Ол іс-шара Қазақстан футболы күніне орайластырылған. Сондай-ақ, елордада бүгін, 26 сәуірде сағат 10.00-де жалпықалалық сенбілік басталады.
Ауқымды экоакция аясында 1,4 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарланған. Экоакцияның негізгі мақсаты қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне жұрт назарын аудару болып саналады.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр