Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстанаға аты аңызға айналған сумо өкілі, моңғол балуаны Хакухо Сё (шын аты – Мунхбатын Даваажаргал) келді. Сапары аясында ол Қазақстандағы сумо құрамасының спортшыларымен кездесті. Сонымен қатар Қазақстан сумо күресі қауымдастығының өкілдерімен шеберлік сабағын өткізіп, еркін пікір алмасты, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz интернет порталы.
Хакухо Сё елорда әкімі Жеңіс Қасымбекпен, Туризм және спорт министрлігінің басшылығымен, бизнес-қоғамдастық және Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдерімен кездесті. Келіссөздер барысында Қазақстандағы сумо күресінің даму тетіктері талқыланды.
Іс-шараға Қазақстан Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев қатысты. Өз сөзінде ол атақты спортшының әлемдік спорт тарихына қосқан зор үлесін атап өтті:
Сіздің көптеген жеңістеріңіз бен теңдесі жоқ спорттық рухыңыз бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамды, соның ішінде қазақстандықтарды да шабыттандырады, – деді министр орынбасары.
Хакухо Моңғолияда туған, әкесі - 1968 жылғы еркін күрестен Олимпиаданың күміс жүлдегері. Сумодағы үздік жетістіктерінің арқасында ол ірі турнирлерде 45 рет жеңіске жетіп, кәсіби сумодағы рекорд иегері ретінде тарихқа енді. Шеберлігі мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Хакухо сумо тарихындағы ең атақты палуан атанған. Ол Моңғолиядан шыққан төртінші шетелдік және осы елден шыққан екінші спортшы ретінде сумодағы ең жоғары дәреже – ёкодзуна атағына ие болған.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер