28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарТанымал Чили журналисі Хулио Сезар Родригес бағдарламаны тағы да Димаш Құдайбергенге арнады. Ол танымал Chilevisión телеарнасында көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Dimash.news порталына сілтеме жасап.
Ең танымал Чили журналисі Хулио Сезар Родригес бағдарламаны тағы да Димашқа арнады. Бұл жолы танымал Chilevisión телеарнасында.
«Viva la morning» телевизиялық бағдарламасы («Қайырлы таң болсын!») – Чилидегі ең көп қаралатын бағдарлама.
Телебағдарлама жүргізушісі Хулио Сезар Родригес бір сағаттан астам уақыт бойы Димаш пен оның шығармашылық жолы туралы әңгімелеп, қазақстандық әртістің танымал қойылымдарын көрсетіп, оның кең вокалдық ауқымын атап өтті.
Чилидегі ең беделді медиа тұлға Хулио Сезар Димаш туралы алғаш рет өзінің «Podría ser on Radio Bío Bío» («Бұл Bío Bío радиосында естілуі керек») радиобағдарламасында таныстырған еді. Димаштың Dears Dimash Chile Difusion Team фан-клубына сұхбат берген журналист қазақстандық әртістің Чилиде жанкүйерлері көп екенін және Чилиге келгенін қалайтынын атап өтті.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?