14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?Әлемдегі уран қоры санаулы мемлекеттердің еншісінде. Соның ішінде Аустралия бұл стратегиялық маңызды шикізаттың әлемдік қоры бойынша көш бастап тұр. Сонымен қатар бұл тізімде Қазақстан да бар.
Сарапшылар бағалауынша, белгілі уран ресурстарының төрттен бірінен астамы дәл осы елдің аумағында орналасқан.
2023 жылғы мәліметтерге негізделген рейтингте уранның экономикалық тұрғыдан игеруге болатын барланған қорлары есепке алынған. Зерттеу барысында бір келі уранды өндіру құны 130 АҚШ долларынан аспайтын кен орындары қарастырылды.
Қазіргі таңда әлемдегі анықталған уран ресурстарының жалпы көлемі шамамен 5,9 миллион тоннаны құрайды. Оның жартысынан астамы небәрі үш мемлекетте – Аустралия, Қазақстан және Канадада шоғырланған.
Аустралия шамамен 1,7 миллион тонна уран қорымен әлемдік көшбасшы саналады. Бұл бүкіл әлемдік ресурстың 28 пайызына тең. Елдің қор көлемі рейтингте екінші орында тұрған Қазақстан көрсеткішінен екі еседен астам жоғары.
Дегенмен мол қордың болуы елдің уран өндіруден де көшбасшы екенін білдірмейді. Ресурстар көлемі барланған және болашақта игеруге болатын қорларды көрсетсе, нақты өндіріс көлеміне инвестиция, мемлекеттік саясат, лицензиялау және жаңа жобаларды іске қосу секілді факторлар әсер етеді.
Сондықтан Аустралиядағы уран өнеркәсібі әлеуеті жоғары болғанымен, салыстырмалы түрде баяу дамып келеді. Бұған реттеуші талаптардың қатаңдығы мен жаңа кен орындарын игеруге кететін ұзақ уақыт себеп болып отыр.
Әлемдік рейтингте Қазақстан екінші орынға жайғасқан. Ел аумағында шамамен 813,9 мың тонна уран қоры бар, бұл әлемдік ресурстың 14 пайызына тең. Үшінші орында тұрған Канадада 582 мың тонна немесе жаһандық қордың шамамен 10 пайызы шоғырланған.
Осылайша Аустралия, Қазақстан және Канада әлемдегі анықталған уран ресурстарының шамамен 52 пайызын иеленіп отыр. Сонымен қатар Қазақстан мен Канада қор көлемі бойынша ғана емес, уран өндіру саласында да әлемдік көшбасшылар қатарында. Екі мемлекет ядролық отын жеткізу тізбегінде маңызды рөл атқарады.
Үздік үштіктен бөлек, айтарлықтай уран қоры Африка, Азия, Еуропа және Америка құрлығындағы бірқатар елде кездеседі. Африкада Намибия мен Нигер ерекше көзге түссе, Еуразияда Ресей, Қытай, Украина және Өзбекстан ірі ресурс базасына ие. Ал Америка құрлығында Бразилия, Аргентина, Перу және АҚШ-та елеулі қорлар бар.
Сарапшылар пікірінше, уран ресурстарының әртүрлі аймақтарға таралуы әлемдік ядролық отын нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жеткізу көздерін әртараптандыруға мүмкіндік береді.
Бүгінде көптеген мемлекет көміртегі шығарындыларын азайтып, энергия қауіпсіздігін күшейту мақсатында атом энергетикасын дамытуға басымдық беріп отыр. Осыған байланысты уранның стратегиялық маңызы жылдан-жылға артып келеді.
Соңғы он жылда жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде әлемдегі анықталған уран қоры 25 пайыздан астам ұлғайған. Бұл алдағы жылдары атом энергетикасының дамуына қажетті шикізат базасын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Электр энергиясына сұраныстың өсуі және қазба отынға тәуелділікті азайтуға деген ұмтылыс жағдайында уран XXI ғасырдағы ең маңызды стратегиялық ресурстардың бірі болып қала бермек.
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды