Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАлбания әлемде алғаш болып жасанды интеллектіні министр деңгейінде қызметке тағайындады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Күн» деген мағынаны білдіретін «Диелла» атты ЖИ-модель енді мемлекеттік сатып алуларды толық бақылайды.
Үкімет басшысы Эди Раманың айтуынша, «Диелла» электронды тендерлерді қадағалап, жеке компаниялармен жасалатын келісімшарттардың ашық әрі әділ өтуіне жауап береді. Бұл қадам сыбайлас жемқорлықты азайтып, мемлекеттік қаржының тиімді жұмсалуына жол ашады.
Жаңа «ЖИ-министр» елдегі барлық мемлекеттік қызметті біріктіретін e-Albania платформасында жұмыс істейді. Цифрлық шешім азаматтарға қызмет көрсетуді жеделдетіп, деректердің ашықтығын арттырмақ.
Айта кетейік, Қазақстан да жасанды интеллектке ерекше көңіл бөліп отыр. Президент өз жолдауында елімізде арнайы ЖИ министрлігін құру туралы тапсырма берген.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?