29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыSkytrax рейтингілік ұйымы World Airport Awards сыйлығының аясында әлемдегі ең таза 10 әуежайдың тізімін ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлемдегі ең таза әуежай атағын Токиодағы Ханеда әуежайы иеленді. Skytrax мұндағы еден мен орындықтардың, қоғамдық пайдалану орындары мен әжетханадағы тазалықты жоғары бағалаған. Ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл әсіресе коронавирус пандемиясынан кейін аса маңызды.
COVID-19 пандемиясынан соң әуежайдағы тазалықтың жолаушылар үшін маңызы артты. Бұл стандарттарды сақтау – әуежайдағы тазалықты сақтаудың үздік үлгісі, - делінген мәліметте.
Ханеда әуежайымен бірге рейтингінің үздік ондығына тағы үш жапон әуежайы енген:
Нагоя – 5-орында;
Нарита – 6-орында;
Кансай – 7-орында.
Рейтингіде екінші орынға Сеулдің Инчхон әуежайы жайғасса, үшінші орында Сингапурдың Чанги әуежайы тұр.
Доха әуежайы Хамад төртінші орынды, Гонконг пен Тайвань әуежайлары сегізінші және тоғызыншы орындарды бөліскен.
Тізімде Азия аумағында орналаспаған жалғыз әуежай бар – Швейцарияның Цюрихтегі әуежайы.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек