30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты2023 жылы шығарылған скейтбордшы-монстр бейнесіндегі Labubu ойыншығы eBay интернет-аукционында рекордтық бағаға — 10,5 мың АҚШ долларына (5,7 млн теңгеден астам) сатылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы New York Post-қа сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, сирек кездесетін бұл Labubu өткен аптада сатылған және қазіргі таңда eBay платформасындағы ең қымбат вирус ойыншыққа айналған.
Аталған ойыншық әйгілі көше киімдері мен спорттық аяқкиімдер бренді Vans пен қытайлық Pop Mart ойыншық өндірушісінің бірлескен жобасы аясында жасалған. Ал бастапқыда оның бағасы небәрі 85 доллар (шамамен 46 мың теңге) болған. Осылайша, коллекциялық Labubu-дың құны бастапқы бағасынан 125 есе өскен.
Бұған дейін бұл ойыншықтарды өндіруші компанияның табысы халықаралық нарықтағы жоғары сұраныстың арқасында 4,5 есеге артқаны хабарланған болатын.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды