Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыӘлемдегі ең қымбат он футбол бренді аталды, көш басында биыл АПЛ-да чемпион атанған «Манчестер Сити» тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Англия кубогының жеңімпазы «Манчестер Ситидің» құны 13% өсіп, 1,51 миллиард еуроны құрады. Рейтингтің бұған дейінгі көшбасшысы «Реал» төрт жылда алғаш рет екінші сатыға төмендеді. Енді оның құны 1,46 млрд еуро болды.
Үздік үштікті «Барселона» түйіндеді – 1,37 млрд еуро. Алғашқы бестікке «Манчестер Юнайтед» (1,36 млрд) пен «Ливерпуль» (1,36 млрд) енген.
Сондай-ақ ПСЖ (1,13 млрд), «Бавария» (1,1 млрд), «Арсенал» (0,91 млрд), «Тоттенхэм» (0,9 млрд) мен «Челси» (0,86 млрд) де тізімге бар.
«МанСитиді» осы аптада маңызды матчтардың бірі күтіп тұр. 10 маусым күні «қалалықтар» Чемпиондар лигасының финалында Италияның «Интер» клубымен кездеседі. Матч Ыстамбұлдың «Ататюрк Олимпьят» стадионында өтеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары