Бүгiн, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?Әлемдегі туристер үшін ең қонақжай қалалардың жаңа рейтингі жарияланды.
Үздік жиырмалыққа Азия, Еуропа, Солтүстік Америка және Аустралия қалалары енгенімен, көш басында Азияның қала-мемлекеті Сингапур тұр.
Рейтингті халықаралық Holafly eSIM қызметі әзірлеген. Компания әлемнің 200 қаласын бірнеше көрсеткіш бойынша бағалаған. Атап айтқанда, қауіпсіздік деңгейі, визалық режимнің ашықтығы, туристік және ақпараттық қызметтердің қолжетімділігі, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың ағылшын тілін меңгеру деңгейі ескерілген.
Зерттеу қорытындысына сәйкес, Ұлыбритания астанасы Лондон Еуропадағы туристер үшін ең қонақжай қала атанып, әлемдік рейтингте екінші орынға жайғасты. Сондай-ақ Британияның Эдинбург шаһары үздік жиырмалыққа еніп, 11-орыннан көрінді.
Еуропа елдерінің ішінде бірден екі қаласы үздік жиырмалыққа енген тағы екі мемлекет бар. Олар – Дания (Копенгаген – 9-орын, Орхус – 10-орын) және Чехия (Прага – 16-орын, Брно – 20-орын).
Алайда ең қонақжай ел мәртебесіне Канада ие болды. Себебі бұл елден бірден үш қала – Оттава, Торонто және Монреаль рейтингтің алғашқы жиырмалығына енген.
Ал әлемдегі ең қонақжай қала атағын Сингапур иеленді. Сарапшылар қала-мемлекеттің жоғары қауіпсіздік деңгейін, визалық саясаттың ашықтығын және туристерге арналған ақпараттық әрі сервистік орталықтардың көптігін басты артықшылық ретінде атап өткен.
Әлемдегі ең қонақжай 20 қала:
Сингапур
Лондон (Ұлыбритания)
Сидней (Аустралия)
Нью-Йорк (АҚШ)
Бостон (АҚШ)
Пенанг аралы (Малайзия)
Гаага (Нидерланд)
Гонконг
Копенгаген (Дания)
Орхус (Дания)
Эдинбург (Ұлыбритания)
Утрехт (Нидерланд)
Давао (Филиппин)
Оттава (Канада)
Мельбурн (Аустралия)
Прага (Чехия)
Амстердам (Нидерланд)
Торонто (Канада)
Монреаль (Канада)
Брно (Чехия)
Бүгiн, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс