13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызУругвайдың бұрынғы президенті, рак дертімен ұзақ уақыт күрескен Хосе Мухика 90 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы елдің қазіргі басшысы Яманду Орси әлеуметтік желіде (X платформасында, бұрынғы Twitter) хабарлады.
Біз Пепе Мухика есімді құрметті әріптесіміздің өмірден өткенін зор күйзеліспен хабарлаймыз, – деп жазды Орси.
Хосе Мухика Латын Америкасындағы солшыл қозғалыстың ең беделді тұлғаларының бірі болды. Өткен жылдың желтоқсанында Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва мен Колумбия президенті Густаво Петро арнайы Уругвайға барып, Мухикаға өз елдерінің жоғары мемлекеттік марапаттарын табыс еткен болатын.
Әлемге "ең кедей президент" ретінде танылған Хосе Мухика өзінің қарапайым өмір салтымен және қағидаларына адалдығымен есте қалды. Ол жалақысының 90 пайызын қайырымдылыққа жұмсап, шағын ауылдағы фермада өмір сүрді және президенттік мерзімінде тек 1987 жылғы ескі көлік сатып алған.
Саясаттан кеткен соң, Мухика бұрынғы сенатор ретінде тиесілі зейнетақыдан да бас тартты. Сонымен қатар, ол онкологиялық емнен бас тартып, отандастарымен қоштасып, өмірінің соңғы күндерін фермасында еңбек етіп өткізгісі келетінін мәлім еткен еді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды