Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыА23а деп аталатын әлемдегі ең үлкен айсберг антарктикалық қыс бойы елеулі өзгерістерге ұшырады: оның ауданы 980 шаршы шақырымға (шамамен 36%) қысқарып, бірнеше бөлікке бөлінді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Арктика және Антарктика ғылыми-зерттеу институтының (ААНИИ) баспасөз қызметінің мәліметінше, алып айсбергтен бір мезетте әрқайсысының ауданы 60-тан 300 шаршы шақырымға дейін жететін үш ірі бөлік ажырап кеткен.
Қазір А23а Оңтүстік Георгия аралының солтүстігінен шамамен 70 км қашықтықта орналасқан.
А23а алғаш рет 1986 жылы Батыс Антарктидадағы Фильхнер шельфтік мұздығынан бөлініп шыққан. Сол кезде оның жалпы ауданы 4170 шаршы шақырымды құраған. Айсберг Уэдделла теңізінде отыз жылдан астам уақыт қозғалмай тұрып, тек 2023 жылы ғана қайтадан қозғала бастады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар