Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыӘлемдегі ең үлкен айсберг - A23a, 1986 жылы Антарктикадағы мұздық шельфтен бөлініп шыққан. Соңғы бір жыл ішінде айсберг таза суда еріп, өз аумағының шамамен 9%-ын жоғалтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы, Арктика және Антарктика ғылыми-зерттеу институтының (ААНИИ) баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Әлемдегі ең ірі айсберг A23a қазір Оңтүстік Георгия аралынан шамамен 300 шақырым қашықтықта дрейфтеуде. Соңғы уақытта айсбергтің көлемі еру салдарынан азайғаны байқалады - 2023 жылдың қарашасынан бері ол шамамен 9% аумағын жоғалтты. 2025 жылдың алғашқы екі аптасында айсберг Оңтүстік Георгия аралына қарай қозғалған еді, алайда 15-23 қаңтар аралығында бағытын өзгертіп, батысқа қарай шегінген. Бұл өзгеріс спутниктік суреттерден анық көрінеді. Айсбергтің келесі қозғалысы осы аймақтағы жел мен ағысқа байланысты болады, дегенмен ол аралды айналып өтуі де мүмкін», - делінген институт хабарламасында.
A23a айсбергі - планетадағы ең үлкен мұзды массив. Ол 1986 жылдың қыркүйегінде Фильхнер мұз шельфінің сыртқы жиегінен бөлінген. 30 жылдан астам уақыт бойы айсберг Уэддел теңізінің орталығында тұрып қалған болатын. 2023 жылдың қараша айының ортасында су бетіне шығып, дрейфке түсті.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары