Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады46 ел ішінде жүргізілген зерттеу бойынша, 18 бен 24 жас аралығындағы Z буынына жататын жастар ең бақытсыз жас тобы екені анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Орта жастағы дағдарыс дегеніміз бос сөз бе?
Бұған дейін бақыт деңгейінің күрт төмендеуі 40 жаста басталады деген түсінік бар еді. Яғни орта жастағы дағдарыс ең қауіпті кезең деп саналды.
Алайда жаңа деректер бұл сөздің шындыққа жанаспайтынын көрсетті: бүгінде өзін ең әлсіз әрі қорғансыз сезінетіндер – дәл осы зумерлер.
Зумерлер неге бақытсыз?
Ғалымдар нақты бір себепті айқындамағанымен, бірнеше негізгі факторды атап өтті:
Психикалық проблемалардың өсуі – жастар арасында үрей мен күйзеліс кең таралған.
Оқудағы және жұмыстағы қиындықтар – сабақтан жиі қалу, жұмыстан кету жағдайлары артып отыр.
Психикалық ауытқулар қаупі – зумерлердің шамамен 48%-ы тәуекел аймағында.
Мамандар бұл көрсеткіштер қоғам үшін алаңдатарлық жағдай екенін айтады. Себебі дәл осы буын болашақтың іргесін қалауы тиіс.
Кімдер бақыттырақ?
Керісінше, 45-70 жас аралығындағы топтың жағдайы әлдеқайда жақсы.
Олардың психикалық саулығы жоғары.
Өмірге деген қанағаттануы мен тұрақтылығы айқын.
Ғалымдар мұны өмірлік тәжірибемен, берік әлеуметтік байланыстармен және ертеңгі күнге деген сенімнің күшімен түсіндіреді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары