30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) кеше жариялаған жаңа есебіне сенсек, бедеулікке тап болған адамдардың саны өте көп. Бедеуліктен ересек адамдардың шамамен 17,5%, яғни әлемдегі әрбір алтыншы адам зардап шегеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа деректер әлемнің әртүрлі аймақтарында бедеуліктің таралу көрсеткішінде айтарлықтай айырмашылық жоқтығын көрсетті.
Табысы жоғары, орташа және төмен елдерде көрсеткіш ұқсас, бұл бедеуліктің барлық елдер мен барлық аймақтар үшін медицинаның маңызды проблемасы екенін білдіреді.
Проблеманың ауқымына қарамастан, бедеуліктің алдын алу, диагностикалау және емдеу әдістері, соның ішінде экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) сияқты көмекші репродуктивті технологиялар жоғары бағаға, оған қатысты әлеуметтік стигмаға байланысты жеткіліксіз қаржыландырылған және көп адам үшін қолжетімді емес.
Қазіргі уақытта көп елдерде бедеулікті емдеу адамдардың өз қаражаты есебінен жасалады, бұл - айтарлықтай шығын.
Ауқатты елдердің тұрғындарымен салыстырғанда, кедей мемлекеттердің халқы бедеулікті емдеуге табысының едәуір бөлігін жұмсайды.
Мұндай қомақты шығынды көтеру қажеттігі емделуге мүмкіндік бермейді немесе керісінше, медициналық көмекке жүгіну нәтижесінде оларды кедейлікке душар етеді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды