Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсКелер жылы елімізде тау-кен ісі мен инженерия саласындағы беделді жоғары оқу орны – Colorado School of Mines университетінің филиалы ашылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратына сүйенсек, QS WUR пәндік рейтингінде «Минералды және тау-кен инженериясы» бағыты бойынша әлемде бірінші орынды иеленетін бұл университеттің Қазақстанда ашылатын филиалы Орталық Азиядағы академиялық хабтың қарқынды дамуының жарқын көрінісі болмақ.
Шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарын Қазақстанға тарту бойынша жүргізілген жұмыс сапары аясында Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Colorado School of Mines университеті арасында аталған оқу орнының филиалын Қазақстанда ашу туралы келісімге қол қойылды.
Қол қою рәсіміне министр Саясат Нұрбек, Colorado School of Mines университетінің жаһандық бастамалар жөніндегі вице-президенті Джон Брэдфорд және Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қанат Шарлапаев қатысты.
Филиал Қазақстанның геология саласының жүрегі саналатын Жезқазған қаласында, құрылып жатқан Ұлытау техникалық университетінің базасында ашылады.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды