23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақ онкология және радиология ғылыми институтының зерттеу нәтижелері бойынша жатыр мойны обырының 74,2% жағдайында биопсиялық материалда адам папилломасы вирусының (АПВ) 16 және 18 онкогендік типтері анықталды. Бұл туралы ҚазОРҒЗИ басшысы Диляра Қайдарова брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол АПВ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу жатыр мойны обырының жиілігін 2 немесе одан да көп есе төмендетуі мүмкін екенін атап өтті.
ҚазОРҒЗИ деректері бойынша жатыр мойны обырының 99%-ы, вульва және қынап обырының 75%-ы, аногениталии сүйелдердің 90%-ы АПВ инфекциясына байланысты.
ДСМ мәліметінше, АПВ – әлемдегі ең көп таралған вирустардың бірі. 50 жасқа дейінгі әйелдердің 80%-ы өмір бойы АПВ жұқтырады.
Инфекция кез келген жаста болуы мүмкін, бірақ инфекцияның шегі 25 жасқа дейін болады.
Вирустың созылмалы тұрақтылығы жатыр мойны обыры мен обыралдының дамуына әкеледі. 11-13 жаста қыздарға вакцинациялау бағдарламасын енгізу АПВ-ны жұқтырудың алдын алады.
Мысалы, Шотландияда АПВ-дан вакцинациялауды енгізер алдында 20 жастағы қыздарға жаппай скрининг жүргізілді, олардың 30%-ы адам паппиомасы вирусының 16 және 18 онкогендік типтерін жұқтырған. АПВ-ға қарсы вакцинациялауды енгізгеннен кейін 7 жыл өткен соң, қыздардың келесі буынының арасында АПВ-ның таралуы 4,5%-ға дейін қысқарды, - делінген ДСМ ақпаратында.
Әлемде жыл сайын жатыр мойны обырынан 300 мыңға жуық әйел қайтыс болады.
АПВ вакцинациясының ұлттық бағдарламасы 135 елде иммундау күнтізбелеріне енгізілген. ТМД елдерінде АПВ вакцинациялау бағдарламасы Армения, Грузия, Молдова, Түрікменстан, Қырғызстан және Өзбекстанда енгізілді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады