30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыӘлем бойынша смартфон өндірушілері жаңа құрылғылардың бағасын көтеруге дайындалып жатыр. Бұл туралы DigiTimes басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлады.
Басылым дереккөздерінің айтуынша, бағаның қымбаттауына өндіріс шығындарының өсуі себеп. Тайваньдық TSMC (Taiwan Semiconductor Manufacturing Company) корпорациясы серіктестерін өз өнімдерінің құны 5-10%-ға өсетінін ескерткен. Бұл жаңа смартфондардың түпкі бағасына тікелей әсер етеді.
Мәселен, TSMC процессорларын қыркүйекте таныстырылатын жаңа iPhone үлгілері қолданады. Сондай-ақ алдағы Samsung Galaxy S26 флагмандары да осы компания шығаратын Qualcomm Snapdragon 8 Elite Gen 2 чиптерімен жабдықталмақ. Бұдан бөлек, көптеген жетекші Android-смартфондарда да Qualcomm процессорлары орнатылады. Сарапшылардың болжамынша, бағасы қымбаттаған смартфондар 2025 жылдың соңына дейін сатылымға шығуы мүмкін.
Сонымен қатар, дереккөздер смартфон өндірушілерінің TSMC-ге тәуелділікті азайтуға ұмтылып жатқанын айтады. Мысалы, Samsung компаниясы, егер Qualcomm-ға бәсекелес Exynos үлгілерін қайтадан жаппай өндіре бастаса, өз құрылғыларында ішкі процессорларын пайдалануға көшуі мүмкін.
Бұған дейін смартфоныңыздағы жеке мәліметтерді қалай қорғауға болатыны туралы жазғанбыз.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды