22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыШоколадқа деген әлемдік сұраныс какао бағасының төмендеуіне қарамастан бәсеңдеп, бұл жағдай әлемнің түрлі елдеріндегі фабрикаларда өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп отыр. Бұл туралы 14 қазанда трейдерлер мен сарапшылар дерегіне сүйене отырып Bloomberg агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазір какао майына деген сұраныс төмендеді. Өткен жылдармен салыстырғанда оның жеткізілуіне алаңдаушылық та бәсеңдеді. Бағаның өсуі салдарынан какао майын өзге компоненттермен алмастыру белсендірек жүріп жатыр, - дейді Marex Group компаниясының ауыл шаруашылығы сату бөлімінің жетекшісі Джонатан Паркман.
Мәліметке сүйенсек, шоколад өндірушілер какао бағасы арзандағанына қарамастан, бұрын қымбат бағамен сатып алынған шикізатты пайдалануды жалғастырып отыр. Ал өңдеуші кәсіпорындар алдағы алты айға арналған какао бағасын бұрынғы жоғары деңгейде бекітіп қойған.
2025 жылдың үшінші тоқсанында Еуропада какао өңдеу көлемі соңғы он жылдағы ең төменгі көрсеткішке дейін түскен. Осындай жағдай Азия мен Солтүстік Америка нарықтарында да байқалып отыр, - деп жазады басылым.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев