7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Әлем ғалымдары В гепатитін анықтауға арналған алғашқы жылдам тест әзірледі. Ол сезімталдығы бойынша ПТР (полимеразды тізбекті реакция) әдісімен бірдеу, бірақ нәтижені бар-жоғы 25-30 минутта көрсетеді. Бұл туралы Ресейдің Роспотребнадзор мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Мекеме жанындағы Эпидемиологияның орталық ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары вирусқа арналған әлемдегі алғашқы жылдам диагностикалық тестіні тіркеген. Ол изотермиялық амплификация (Loop mediated isothermal amplification, LAMP) әдісіне негізделген.
Мамандардың айтуынша, бұл тест ПТР әдісіндей дәл нәтиже береді, бірақ дәстүрлі зерттеу тәсілдеріне қарағанда диагноз қою уақытын бірнеше есе қысқартады.
Жаңа әдіс В гепатитін жылдам әрі нақты анықтауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде науқастарды ерте кезеңде анықтап, қажетті ем тағайындау мен эпидемияның таралуының алдын алу шараларын жеделдетуге жол ашады.
Айта кетсек, В гепатиті – бауырды зақымдайтын жұқпалы ауру. Ол цирроз немесе бауыр обыры сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Инфекция көбіне қан және басқа да биологиялық сұйықтықтар арқылы жұғады. Ең осал топқа балалар мен иммундық жүйесі әлсіреген адамдар жатады.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?