22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАҚШ-та H5N5 құс тұмауы штаммынан адамның алғаш рет қайтыс болғаны тіркелді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Euronews-ке сілтеме жасап.
Вашингтон штатының денсаулық сақтау департаменті жұма күні марқұмның жасы ұлғайған және ауыр созылмалы аурулары болғанын мәлімдеді. Ол жұқтырған H5N5 құс тұмауының штаммы бұған дейін адамдарда анықталмаған.
Билік мәліметінше, пациенттің үйінің ауласында әртүрлі түрдегі үй құстарының шағын тобы болған. Құпиялылыққа байланысты отбасы мүшелерінің жеке деректері жарияланбайды.
"Денсаулық сақтау органдары халық үшін қауіптің төмен екенін атап өтті. Пациентпен байланыста болған ешбір адамнан оң нәтиже анықталмағаны және вирусдың адамнан адамға жұғатынына дәлел жоқ екені айтылды", — делінген хабарламада.
Құс тұмауы — құс популяцияларында бірнеше онжылдық бойы кездесетін вирус, алайда соңғы жылдары ол сүтқоректілерге жиірек жұға бастады. 2024 жылдың наурызында АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі миллиондаған құстарды зақымдаған құс тұмауы штаммы кейбір сүтқоректілерден де анықталғанын хабарлады.
"АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мәліметінше, соңғы Вашингтондағы жағдайды қоспағанда, АҚШ-та кем дегенде 70 адамда жұқтыру дерегі расталды. Науқастардың көпшілігіне вирус жұқтырған ірі қара малмен, құс фабрикаларында немесе жануарларды жою кезінде байланыста болған кезде жұққан", — деп жазады басылым.
ABC News мәліметінше, көп жағдайда ауру жеңіл түрде өткен — мысалы, көздің қызаруы немесе дене қызуының көтерілуімен. Ал кейбір пациенттерде ауыр симптомдар байқалған. Қаңтар айында ауыр созылмалы аурулары бар егде жастағы адамның құс тұмауынан қайтыс болуы АҚШ-та алғаш рет тіркелген болатын.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев