13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызӘлемде адамға ұқсас роботтарға деген сұраныс қарқынды өсіп келеді. 2026 жылы гуманоид роботтардың жаһандық жеткізілімі өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есеге артуы мүмкін.
Негізгі өндіруші Қытай болуы мүмкін
2025 жылы өндірушілер әлем бойынша шамамен 7 мың гуманоид робот сатқан. Ал 2026 жылы жеткізілім көлемі 90 мың данаға жетеді деп болжанып отыр. Бұл бір жыл ішінде шамамен 13 есеге жуық өсім болатынын көрсетеді.
Сарапшылар алдағы жылдары гуманоид роботтар нарығының айтарлықтай кеңеюін күтеді. Бұл ретте өндіріс көлемі бойынша Қытайдың рөлі жоғары болады деп болжануда.
Қазір адамға ұқсас роботтардың нарықтағы үлесі әзірге өте аз. Әлемде шамамен 4 миллион өнеркәсіптік робот жұмыс істейді және олардың саны жыл сайын орта есеппен 500 мыңға артып келеді.
Гуманоид роботтар әзірге өнеркәсіптік роботтардың жалпы санының шағын бөлігін ғана құрайды.
Роботтар әзірге көбіне зерттеу үшін қолданылады
Қазіргі кезеңде гуманоид роботтардың басым бөлігі нақты өндірістік міндеттерді орындаудан гөрі зерттеу мақсатында пайдаланылып жүр.
Олар жасанды интеллект модельдерін жетілдіру үшін қажетті деректерді жинауға, түрлі технологияларды сынауға, сондай-ақ көрмелер мен шоу бағдарламаларына тартылады.
Алайда технологияның дамуы мен өндіріс құнының төмендеуі гуманоид роботтарды коммерциялық мақсатта кеңінен қолдануға мүмкіндік беруі мүмкін.
2030 жылға қарай сатылым 1,2 миллионнан асуы ықтимал
Bank of America Global Research сарапшылары гуманоид роботтар өндірісінің жаңа кезеңі басталғалы тұрғанын айтады.
Олардың болжамынша, 2030 жылға қарай әлемдегі гуманоид роботтардың жылдық сатылым көлемі 1,2 миллион данадан асуы мүмкін. Бұл көрсеткіш әскери мақсатта пайдаланылуы ықтимал модельдерді қамтымайды.
Егер болжам жүзеге асса, алдағы бірнеше жылда гуманоид роботтар зертханалар мен демонстрациялық алаңдардан шығып, өндірістік және коммерциялық ортада кеңірек қолданыла бастайды.
Автомобиль өнеркәсібі – негізгі қолдану салаларының бірі
Қазір гуманоид роботтарды азаматтық мақсатта ең белсенді сынап жатқан салалардың бірі – автомобиль өнеркәсібі. Бұл сектор әлемдегі өндірісті роботтандыру деңгейі бойынша көшбасшылардың қатарында.
Сонымен қатар адамға ұқсас роботтар логистикалық орталықтарда да сынақтан өткізіліп жатыр. Кейбір компаниялар оларды жарнамалық және демонстрациялық жобаларға пайдаланады.
Сарапшылардың болжамдары орындалған жағдайда, гуманоид роботтар нарығы алдағы жылдары жасанды интеллект пен робототехнологияның ең жылдам дамитын бағыттарының біріне айналуы мүмкін. Бұл ретте олардың өндірістегі нақты міндеттерді қаншалықты кең көлемде атқара алатыны технологияның одан әрі дамуына байланысты болады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды