2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАлматы қаласы алғаш рет 2023 жылғы 24 маусымда атап өтілетін 13-ші Дүниежүзілік Витилиго күнінің халықаралық штаб-пәтері болып таңдалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
WVD науқаны шеңберінде 2023 жылы әлемнің түкпір-түкпірінен келген дәрігерлер, зерттеушілер мен пациенттердің қатысуымен "Витилиго: болашаққа көзқарас" атты халықаралық конференция өтеді.
Конференция Алматы қаласындағы "Almaty Resort" санаторийінде өтеді.
Әлемде шамамен 100 миллион адам витилигодан зардап шегеді, бұл аутоиммундық ауру, ол теріге әсер етеді және ауыр психологиялық зардаптарға әкелуі мүмкін.
WVD науқанының мақсаты - пациенттерге алалаушылықты жеңуге, витилигомен емдеудің заманауи әдістеріне қол жеткізуге және толыққанды өмір сүруге көмектесу.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылғы маусымды "Витилиго туралы хабардар болу айы" деп жариялайды және дәрігерлерді, пациенттерді, қоғамдық ұйымдарды, БАҚ-тарды, блогерлерді және сыртқы келбеті ерекше адамдардың қайғы-қасіретіне мән беретіндердің барлығын Дүниежүзілік Витилиго 2023 күніне арналған халықаралық конференцияға қатысуға шақырады.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова