Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыНариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Дохада (Қатар) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетті. Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері 14.566 ұпай жинап, Әлем кубогының қола жүлдегері атанды.
Бұл сында жеңісті армениялық Гамлет Манукян жеңіп алды — 14.700 ұпай. Ал Қытай өкілі Яньмин Хун 14.666 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.
Зейнолла Ыдырысов 14.200 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде үш медаль бар. Еркін жаттығуларда Милад Карими бірінші орын иеленсе, Алтынхан Темірбек күміс жүлдені жеңіп алды.
19 сәуірде Карими кермедегі жаттығуларда медаль үшін күреседі. Ал Темірбек тіреуішпен секіруден финалда өнер көрсетеді.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек