Әлем кубогының екінші кезеңі: Шумекова тағы да медаль ала ма?

Әлем кубогының екінші кезеңі: Шумекова тағы да медаль ала ма?

Айзат Айдарқызы
Фото: ҰОК

20-22 қараша күндері Жапонияның Обихиро қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогының екінші кезеңі өтеді. Байрақты бәсекеде 15 спортшы ел намысын қорғайды. 

Ерлер:

Нұралы Ақжол

Виталий Щиголев

Артур Галиев

Евгений Кошкин

Никита Важенин

Вадим Якубовский

Андрей Зуев

Әйелдер:

Алина Дауранова

Мария Деген

Арина Ильященко

Алина Шумекова

Инесса Шумекова

Кристина Шумекова

Кристина Силаева

Дарья Важенина

Бірінші кезеңнің нәтижесі

Қытайдың Бейжің қаласында 13-15 қараша күндері коньки киіп жүгіруден әлем кубогының бірінші кезеңі өтті. Ұлттық құрама сапынан Кристина Шумекова күміс жүлде еншіледі. Ол А дивизионында 1000 метр қашықтықта 1 минут 15,65 секунд нәтижесімен екінші орынға ие болды. Сондай-ақ спортшы В дивизионында 1500 метрде тоғызыншы, 3000 метрде алтыншы орын алды.

 А дивизионындағы 500 метр қашықтықта Кристина Силаева мен Евгений Кошкин топқа қосылды. Алғашқы жарыста Силаева 11-орын алса, екінші жарыста 15-орынға тұрақтады. Кошкин болса қос сайыстың қорытындысы бойынша 13-ші және 15-ші орындарға ие болды. Бұдан бөлек, Силаева 1000 метр қашықтықта 20-орын алды.

В дивизионында Алина Дауранова 500 метр қашықтықтағы бірінші жарыста тоғызыншы, екіншісінде 12-орын алды. Артур Галиев осы қашықтықта 18-орын алса, 1000 метрде 17-орынға табан тіреді. Ал Никита Важенин 500 метрдегі екінші жарыста 19-орынға тұрақтады.

1500 метр қашықтықта В дивизионында Мария Деген 17-орын, Инесса Шумекова 18-орын алды. Нұралы Ақжол мәреге 20-болып жетті. Ал 1000 метрде Инесса 16-орын, Дарья Важенина 21-орынға ие болды.

В дивизионында өнер көрсеткен Мария Деген 3000 метр қашықтықта 14-орынға тұрақтады. Ал Вадим Якубовский 5000 метрде 17-нәтиже көрсетті.

15 қараша күні командалық із кесу сайысы өтті. Мария Деген, Кристина және Алина Шумековалардан құралған Қазақстан әйелдер құрамасы А дивизионында 3 минут 5,85 секунд нәтижесімен жетінші орын алды. Андрей Зуев, Вадим Якубовский және Виталий Щиголев бар ерлер құрамасы В дивизионында 3 минут 53,88 секунд нәтижесімен алтыншы орынға ие болды.

Оқи отырыңыз

{