29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБүгін Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Командалық спринтте Алёна Лифатова, Арина Ильященко, Алина Дауранова мен Кристина Шумекова квартеті күміс жүлдегер атанды. Нидерланд құрамасы мəреге бірінші келсе, Италия қола жүлдеге қол жеткізді.
Жалпы əйелдер жарысына 11 құрама қатысты. Олар: Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Оңтүстік Корея, Латвия, Нидерланд, Норвегия, Польша, АҚШ.
Айта кетейік, былтыр Инсбруктегі əлем чемпионатында еліміздің әйелдер құрамасы (Алина Дауранова, Инесса Шумекова, Дарья Гаврилова) командалық спринтте 3-орын алған.
Осыған дейін Германиядағы додада Алина Дауранова 500 (қола) және 1000 метрде (күміс) жүлде жеңіп алған. Қазір Ұлттық құрама қоржынында 2 күміс пен 1 қола бар. Дүние жүзінің байрақты додасы бүгін аяқталады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек