Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрИорданияда өткен Азия чемпионатында еркін күрестен топ жарған Нұрқожа Қайпанов жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдағы жоспарларымызды бапкеріммен ақылдаса отырып нақтылаймыз. Әр жарыстан кейінгі ең маңызды дүние — кеткен қателіктермен жұмыс істеу. Біз де сол бағытта жүйелі түрде талдау жасап, кемшіліктерді түзетуге баса мән береміз. Қазір дайындық күнделікті қарқынды түрде жүріп жатыр. Алдағы жарыстарға тыңғылықты дайындалып, әрқайсысына барынша жауапкершілікпен қарауға тырысамыз. Мақсат - әрқашан өсу, жетілу және биік нәтижелерге жету, - деді ол.
ҰОК баспасөз қызметіне сұхбат берген балуан Азияның күрес деңгейіне баға беріп, құрамадағы спортшылардың әлеуетіне қатысты пікір білдірді.
Қазіргі таңда Азия күресінің деңгейі едәуір өсіп, бәсекелестік күшейіп кетті. Соған қарамастан, ұлттық құрама ешқандай осалдық танытқан жоқ. Барлығы бар күш-жігерін салып, намысты қолдан бермеуге тырысты. Әсіресе Болат Сақаев пен Азамат Дәулетбековтің күресін ерекше атап өтуге болады. Олар бұл чемпионатта өз салмақтарын ауыстырған еді. Сол себепті финалдық белдесулерде физикалық тұрғыдан аздаған кемшілік байқалды. Себебі жаңа салмақ дәрежесінде бейімделу үшін уақыт қажет. Дегенмен барынша жақсы өнер көрсеттік деп ойлаймын, бұл бәрімізге үлкен тәжірибе әрі болашақ жарыстар үшін маңызды сабақ, - деді балуан.
Естеріңізде болса, отандасымыз Аммандағы құрлық бәсекесінде еркін күрестен 74 келіде үздік шыққан болатын. Ол финалда қырғыз балуанын 2:1 есебімен жеңіп, алтын медальға ие болды.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова