Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыШымкент әкімі Мұрат Әйтенов бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы Махмұд Сабырхан мен жеке жаттықтырушысы Илияс Оралбековты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Дүбірлі додада еліміздің құрамасы 4 алтын, 1 күміс медальмен толықты. Жеңімпаздар арасында 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанған Махмұд Сабырхан да бар.
Спортшы финалда өзбекстандық Айбек Джураевты екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Махмұд оған дейін Куба, Гана, Үндістан мен Мажарстан спортшыларын жеңген болатын.
Мұрат Әйтенов құрама қоржынына екінші алтынды салған спортшы мен оның жеке жаттықтырушысын құттықтап, алдағы Азия және Олимпиада ойындарына сәттілік тіледі.
Әкім әлемдік аренада еліміздің абыройын асқақтатып, туымызды желбіреткен спортшыға 2 бөлмелі пәтер мен 5 млн теңгенің сертификатын табыстады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар