Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАстаналық былғары қолғап шеберлері Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында айтарлықтай жетістікке қол жеткізді. Бұл жеңіс ел спортының абыройын асқақтатты, деп атап өтті қала әкімі Жеңіс Қасымбек, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әкімнің айтуынша, Санжар Тәшкенбай Қазақстан боксының жаңа тарихын жазып отыр:
Санжар 2023 жылы небәрі 19 жасында 48 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған еді. Екі жыл өткен соң ол бұл жетістігін Ливерпульде 50 келіде қайталап, қос дүркін чемпион атанды, – деді ол.
Ал Айбек Оралбай еліміз үшін бұрын-соңды болмаған нәтиже көрсетті.
Айбек Оралбай өз есімін Қазақстан спорты тарихына алтын әріптермен жазды. Ол суперауыр салмақта ел тарихындағы тұңғыш алтын медальді иеленді, – деп ерекше атап өтті әкім.
Жалпы қорытындыда Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, әлем чемпионатында бірінші орыннан көрінді.
Жеңіс Қасымбек спортшылардың жанкештілігін де ерекше бағалады:
Боксшыларымыз намысты қолдан бермей, тамаша өнер көрсетті. Олар өз еңбегімен тәртіптің, төзімнің және сенімнің қандай үлкен жетістікке жеткізетінін дәлелдеді. Әрине, бұл жеңісте бапкерлердің де еңбегі зор, – деді ол.
Айта кетейік, чемпион боксшыларға 30 миллион теңгенің сертификаты табысталды.
Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова